«Үздік менеджмент» қалалық байқауы өтті

56

Бүгінде адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналған. Сондықтан да білім саласына барынша көңіл бөлінуде. Бүгінде Шымкент қаласында білім сапасын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жуырда Шымкент қаласында «Үздік менеджмент» қалалық байқауы болып өтті. Байқауда мектепке дейінгі ұйым басшыларының көшбасшылық және басқару, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымнан он төрт меңгерушісі қатысты.
Мұғалімдер мен мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары мамандарының білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара өте тартысты өтті. Байқауға қатысушылардың барлығы да мықты мамандар. Қазылар алқасына ең мықты маманды анықтау оңайға соқпады.
Байқау нәтижесінде Гран-приді №122 «Ақ көгршін» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жұмакүл Тайтелиева, І орын №36 «Ерке-Наз» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Құлшынбай Перизат Есенқызы, ІІ орын №21 «Ертарғын» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Пірімбекова Феруза Жантөреқызы, №68 «Балауса» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Тажиева Мария Раушанқызы, ІІІ орын № 56 «Тұлпар» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Абдыханова Жәмилә Уалиханқызы, №61 «Нұртас» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Елшібаева Айжан Ибадуллақызы , №97 «Ақмарал» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Эльмира Төлбасиева иеленді.
«Іскер меңгеруші» №16 «Сымбат» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ырзагелдиева Гаухар Маратқызы, №20 «Қазына» бөбекжай- бақшасының меңгерушісі Ерназарова Акмарал Алмаханқызы лайықты деп табылды.
 «Жаңашыл меңгеруші» №30 «Алпамыс» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі, Асқарбаева Айжан Сексенбайқызы,, №40 «Нұрлан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Кәрибозова Гульмира Абдраманқызы, №43 «Алмаз» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Алтынбекова Жанар Амангелдіқызы иеленді.
«Көшбасшы меңгеруші» –  № 57 «Хадиша» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Өнерова Зубайра Ауданқызы, №98 «Мерей» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Өтепбаева Гулзира Килибайқызы иленді.