«WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы 3 млн. теңге қарызға батырып кетті

107
фото Айқын

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жамбылдық тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлады. Арызданушы әйелдің айтуынша, ол «пайызсыз несие алып беремін» деген жарнамаға сеніп, күдіктімен «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы танысып, одан несие рәсімдеп беруін сұраған.

Содан сезікті ер адам тіркелу үшін жәбірленуші әйелдің жеке куәлігін сұрап алып, атынан бір емес бірнеше банктен несие рәсімдеген. Соңында өзінің алданғанын білген әйел, полицейлердің көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Жалпы шығын көлемі 3 миллион теңгеге жуық.
Полицейлер қылмысты ашу бағытында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде сақшылар алаяқтық жасаған тұрғынның жеке басын анықтады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда ер адам қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.