Заңсыз кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізілуде

100

 Қаланың аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру, сондай-ақ кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осыған байланысты Абай ауданы А-2 тас жолының бойындағы заңсыз сауда нысандарына кезекті мониторинг жұмысы ұйымдастырылды.

 Зерделеу жұмыстары барысында Абай ауданына қарасты аталған көше бойында нысаналы мақсатын дұрыс пайдаланбай, ретсіздікке жол берген 67 кәсіпкерлік орны анықталды.
Бұл көше стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарының иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.