200 студентке 100 мың теңгеден шәкіртақы беріледі

60

«Білімнің жұлдызы – 2023» байқауының қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқау аяаында жеңімпаз 200 студентке 100 мың теңгеден бір реттік шәкіртақы тағайындалды. Жалпы іріктеуге республика бойынша 854 студенттен өтінім түскен. Оның 774-і жоғарғы оқу орны студенті болса, 80-і колледж студенті.

Жеңімпаздарды анықтауда мотивациялық хат, оқу үлгерімі мен әлеуметтік жағдайлары ескерілген.