Әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынған Махмұт Сабырханға екі бөлмелі пәтер табысталды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов былғары қолғап шебері мен оның жеке жаттықтырушысы Ілияс Оралбековты қабылдады. Шаһар басшысы байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған чемпион мен бапкеріне алғыс білдіріп, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.
Ел абырайын асқақтатқан спортшы пәтерлі болса, жаттықтырушысына 5 млн. теңгенің сертификатын берілді.