Шымкент қаласындағы №8 мектепте полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық қауіпсіздік сабағы өтті. Бұл маңызды шараға шамамен 200 оқушы қатысып, олардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру және құқықтық сауаттылығын көтеру мақсаты көзделді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және тәртіпке баулу болды. Оқушыларға полиция қызметкерлері қауіпсіздік ережелері мен құқықтық білім туралы кеңінен мәлімет беріп, өздерін қорғай білу дағдыларын үйретті.
Іс-шараның ерекше қонағы – бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов болды. Ол оқушылармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, спорттың адамды тәртіпке, табандылыққа және мақсатқа жетелейтінін атап өтті. Сонымен қатар, спортшы өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын айта келіп, жасөспірімдерге өз армандары үшін күресуге шақырды.
Бұл кездесу жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, оларға қауіпсіз өмір сүруге ынталандыру болып табылады. Полиция мен қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен болашағы үшін маңызды қадам жасалды деп айтуға болады. Ол оқушылармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тәртіп пен табандылықтың, сондай-ақ өз іс-әрекетіңе жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Полицейлер жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік ережелерін мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы айтып, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік жөнінде түсіндірді. Кездесу соңында оқушыдар мен мұғалімдер ұйымдастырушыларға пайдалы әрі маңызды сабақ өткізгені үшін алғыс білдірді. Жас ұрпаққа берері мол мұндай тәрбиелік мәні бар сағаттар алдағы уақытта да ұдайы ұйымдастырылатын болады.







