Ақылы жолдарда тағы бір қызмет түрі іске қосылды

47

 QazAvtoJol компаниясы  Қазақстанда ақылы жолға кірген көлік жүргізушелеріне SMS-хабарлама жіберу бойынша пилоттық жоба іске қосылды деп хабарлайды.

Пилоттық жоба аясында автокөлік иесіне ақылы жолға өткені туралы SMS-хабарлама түседі. Соның ішінде төлем әдістері туралы сілтеме де болады. SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді.
Олар:

Астана-Павлодар;

Шымкент-Қызылорда;

Шымкент-Ташкент;

Шымкент-Тараз;

Тараз-Қайнар;

Қонаев-Талдықорған;

Щучинск-Көкшетау;

Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде («Астана-Щучинск»,» Астана-Теміртау» ,»Алматы-Қонаев»,» Алматы-Қорғас») SMS-хабарлама келмейді.
Айта кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.