e-Salyq Business жеке кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді

27

Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша Әл-Фараби ауданында 8 218 заңды тұлға және 19 мың 562 жеке кәсіпкер тіркелген. Дара кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне, салық режимін таңдау, қолданба чектері бойынша кірістерді есепке алу, салықтық және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасын Е- Салық бизнес мобильді қосымшасы арқылы өндіруге мүмкіндігі бар.

Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасының мамандары осы мобильді қосымша арқылы жеке кәсіпкер табысы туралы анықтама, жеке хабарламаларды алуға, автоматтандырылған есептеу нәтижелері бойынша есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуіне болатынын Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Бақыт Болатбеков ескертеді. Ол үшін мобильді қосымшаны жүктеп алу қажет.

Міндетті төлемдерді төлеу, е-Салық бизнес мобильді қосымшаны қолдану жөнінде басқармадағы салық төлеушілермен жұмыс жүргізетін бөлімнің мамандары халыққа қызмет көрсететін орталық пен сауда орындары мен базарларда халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.