INSTAGRAM-да қалай жұмыс істеу қажет?

96

Инстаграмда тұтынушылар санын жылдам арттырып, қалай көп табыс табуға болады?Шымкентте бизнес-тренер Наталья Головахоның жетекшілігімен «Изнанка инстаграм » тренингі өтті. Маман екі күндік курста әлеуметтік желінің неліктен сіз қалағандай жұмыс істемейтінін және оны қалай тиімді қолдану керектігін үйретті.

Әлеуметтік медиа маркетингі қалай жұмыс істейді? Таргетті қалай жіберу керек және SMM менеджерінен не талап ету қажет? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын «Изнанка Инстаграм» тренингінен білуге болады.

Тренинг Шымкентте бизнес-тренер, ALAR MEDIA маркетингтік коммуникациялар агенттігінің директоры Наталья Головахоның жетекшілігімен өтіп жатыр. Бұл 2 күндік курс инстаграм арқылы тұтынушыларды тарту және табыс табу үшін қандай құралдар пайдалану керектігін үйренуге мүмкіндік береді.

Наталья Головахо, бизнес-тренер, ALAR MEDIA маркетингтік коммуникациялар агенттігінің директоры: «Әлеуметтік желілердің дамуына байланысты, көп азаматтар инстаграм арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр. Бірақ басым бөлігі оны қалай дұрыс қолдану керектігін білмейді. Олар СММ маманын жалдап, біраз ақшаға шығындалады. Сонда да өздері қалаған нәтижеге жете алмай жатады. Ал дәл бүгінгі тренингтің мақсаты-кәсіпкерлерге интсаграмның құпияларын үйретіп, кірісін арттыруға мүмкіндік жасау. Ол үшін таргет жіберу мен дұрыс жарнама жасауды үйрену қажет».

Сонымен қатар, тренингке қатысушылар сертификатталған психологпен және адамның әлеуетін ашу мақсатында өзін-өзі тану үшін қолданылатын құрал болып табылатын mac-карталармен жұмыс істей алады.

Луиза Оспанова, Мәскеу психология институтының психологы: «Түпсана барлығын біледі, бірақ көбі бұдан хабарсыз. Менің ойымша, психология бизнесте де, жеке өмірде де маңызды рөл атқарады. Неге? Өйткені, сіз психологияны қабылдамасаңыз да қазіргі ғасырдың басты валютасы-энергия. Еуро да, доллар да емес. Және дәл осы энергия арқылы көптеген қарым-қатынастар құрылады».

Тренингке кәсіпкерлер, SMM мамандары және Instagram-мен қалай жұмыс істеу керектігін білгісі келетіндердің барлығы қатысты. Олардың бірі Айдын Қалжанқызы-бірнеше жылдық тәжірибесі бар косметолог. Бойжеткен алдағы уақытта әлеуметтік желідегі парақшасын дамытқысы келеді.

Айдын Қалжанқызы, «Изнанка Instagram» тренингінің қатысушыс:
«Мен өз аккаунтымды дамыту үшін келдім. Тренгигтен кейін таргетологияны да тереңірек білгім келеді. Өйткені, дұрыс таргет жібергенде ғана сұраныс артады екен».

Алдағы уақытта «Изнанка Instagram» тренингі ай сайын өтіп отырады. Жалпы, бұл курс арқылы қатысушылар инстаграмның қыр-сырымен тереңірек танысып, ол арқылы табыс табуды және клиент шақыруды үйренеді. Сонынмен қатар, смм маманынан да не талап ету керектігінен хабардар болады.

Instagram: @natalya.golovakho
@alar_media
Телефон нөмірі: 8777 098 07 03