Шымкент: Жел салдарынан бүлінген нысандар қалыпқа келтіріліп жатыр

90

Шымкентте қатты жел салдарынан ғимараттар бүлінді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаменті хабарлады. Төтеншеліктердің мәліметінше, Тұран шағынауданы, Темірлан тас жолындағы 9 қабатты тұрғын үйдің қасбеттік бөлігінің қаптамасы ұшып кеткен.

Ал Әл-Фараби ауданындағы Қабанбай батыр мен Ерманов көшелерінің қиылысында автокөлікке ағаш құлаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар жел салдарынан қаладағы бірқатар елдімекенде электр тоғы өшіріліп, 9600 абаномент жарықсыз қалған.

Қазіргі таңда бұзылған нысандарды қалыпқа келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.