Шымкентте атракцион бұзылып, адамдар биіктікте тұрып қалған

100

Шымкентте «Бәйтерек» атракционына отырған тұрғындар бірнеше метр биіктікте тұрып қалды. Куәгерлер 20 минут бойы адамдарды түсіру мүмкін болмағанын айтады. Алайда ойын-сауық саябағы мұны жоққа шығарды. Сөздерінше, атракцион биіктікте тек 5-7 минут қана тұрған.

«Бәйтерек» атракционы істен шығып, адамдар биіктікте тұрып қалды. Әткеншекте болған тұрғындардың сөзінше, атракцион алдымен жоғары көтеріліп, бірнеше айналым жасаған. Ал одан кейін бір сәтте бұзылып, 20 минут бойы жоғарыда ілініп тұрыпты.

Зардап шеккендердің айтуынша, әткеншекте балалар да болған. Тіпті, кейбірі қатты уайымдап, қорқып қалған көрінеді.

Ольга МИТЬКИНА, Шымкент қаласының тұрғыны:

«Біз оны алыстан тыныштандыруға тырыстық. Жасы шамамен 10 жаста. Қатты қорқып, жылап жатқанын байқадық. Атракцион бірнеше рет төмен түсіп, жоғары көтерілді. Ақырында бізді жерге түсірді. Бір жігіт «атракцион бұзылды» деп айқайлап күлді. Мен ақшамызды қайтаруын талап еттім. Бірақ олар қайтарылмайтынын айтты».

Саябақ қонақтары атракцион ескі электр қозғалтқышының кесірінен істен шыққанын айтты. Ал жауаптылар әткеншектің бұзылмағанын айтады. Бұл жағдай тек «техникалық себептерге» байланысты орын алған көрінеді. Алайда қандай себеп екеніні әзірге белгісіз. Сондай-ақ адамдар жоғарыда 20 минут емес 5-7 минут қана ілініп тұрды дейді саябақ басшылары.

«Желіде тараған видеода автор 20 минуттай аспанда ілініп тұрғанын айтады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Техникалық себептерге байланысты демалушылар жоғарыда шамамен 5-6 минут тұруға мәжбүр болғанын жасырмаймыз».

Ұлттық тұтынушылар лигасы өкілдерінің айтуынша, ойын-сауық саябақтарын денсаулық сақтау қызметкерлері тексеруі керек. Бірақ мамандар қазір шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілуіне байланысты бұл ережені қадағалай алмай отырғанын айтты. Ал Маман жәбірленушілер заң бұзушылық бойынша сотқа жүгінуі керек дейді.

Светлана РОМАНОВСКАЯ, Ұлттық тұтынушылар лигасы президенті
«Қандай да бір мәселе туындаса, видеоға түсіріп, түбіртектерді сақтау керек. Және оқиға болған күнді айту керек. Егер сіз жарақат алсаңыз, ауруханаға түскен болсаңыз, қай жерде және қандай жағдайда жарақат алғаныңызды немесе денеңіздің қай жері көгергенін айтып, қарату керек».

Бұл Шымкенттегі ойын-сауық саябағындағы бірінші төтенше жағдай емес. 2021 жылдың мамыр айында 17 жастағы жасөспірім карусельден құлап, жедел жәрдем келгенше сол жерде қайтыс болған еді. Ал екі жыл бұрын қыркүйекте саябақтағы аттракциондардың бірінде 55 жастағы ер адам жүрек талмасынан көз жұмған болатын.