Шымкентте балалар күніне орай ойын алаңшасы пайдалануға берілді

30

Шымкентте 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай 3 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Заманауи үлгідегі алаң Еңбекші ауданында орналасқан.

Бұдан бөлек балаларға демеушілер тарапынан ойыншықтар үлестіріліп, тәтті балмұздақ тарту етілді. Жалпы биыл ауданда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп қабатты тұрғын үйлердің 35 үй ауласы абаттандырылып, 25 ойын алаңшасы салынады деп жоспарланып отыр.

Ал, алдағы күндері жеке секторлы үйлерде 11 кешенді спорт және ойын алаңшалары тұрғындардың игілігіне тапсырылады.