Шымкентте қоқыс жәшігінің жанынан ер адамның мәйіті табылды

141

Шымкентте Ерімбетов көшесі, №38 тұрғын үйдің ауласынан  ер адамның мәйіті табылды. Мәліметтерге қарағанда, жан түршігерлік оқиға туралы полицияға 1 мамыр күні сағат 16:00 шамасында жергілікті тұрғындар хабарлаған.

Оқиға орнына келген полицейлер мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ еендігін анықтады.

Алайда адам өлімінің нақты себебі әлі нақты анықталған жоқ. Тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтап үлгерді.

Қазақстан азаматтығын алған Өзбекстан тумасы, 1984 жылы туған ер адам. Өлімнің нақты себебі анықталуда.