Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған мүшәйра өтті

49

Шардарада Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай мүшәйра өтті. «Ұлы Дала перзенті» атты сөз сайысына 18 ақын қатысты.

Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші турда ақындар арнайы тақырып аясында жарысса, 2 кезеңде еркін тақырыпта өз шығармаларын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен Түркістандық Арқалық Әмәлият жыр бәйгесінің бас жүлдесін иемденді.

Ал 1 орынды Бауыржан Ерман қанжығасына байласа, Бекжұма Нарбай мен Қанат Жолдасбеков ІІ орыннан көрінді. Ал жүлделі ІІІ орынды Үмітбек Бағдат, Сапархан Арыстанов пен Нұрғали Сердалиевтер жеңіп алды.