Тұрғындар ұсыныс-тілегі ескерілген сайлауалды уәделер орындалуда

52

 

Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Партия төрағасы Ерлан Қошановтың мегаполиске іссапарында жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесіп, партия кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті ашу және дамыту жолындағы кедергілер жолылауды, жастардың бизнес бастауына қолдау көрсетеді деген болатын. Уәде орындалуда.

Оның бір мысалы, балабақша ашқан Дана Мирбекова. Жеке кәсіпкер Қазіргі таңда миллионды қала тұрғындары үшін өзекті болған балабақшалардағы орын жетіспеушілігін жоюға өз үлесін қосып келеді. Балабақшаны жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық жеңілдетілген несиемен қолдауға арналған «Іскер қала» жобасы аясында ашқан. Дана Мықтыбайқызы бүгінде .. азаматты тұрақты жұмыспен қамтып, 90 балаға тәлім-тәрбие беріп келеді. Кәсібін ашуға жөн сілтеген «Shymkent Invest» фронт-офисі. Орталық «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, ондағы мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша фронт-офистің көмегіне 2325 кәсіпкер жүгінген. 1 пайыздық үстемемен 52 кәсіпкер несие алған.

Бұл партияның сайлауалды бағдарламасында да қамтылған. 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаның Жол картасында кәсіпкерлік саласын дамытуға байланысты негізгі тармақтар қарастырылды. Шымкентте 2027 жылдың соңына дейін 80 мың жұмыс орнын ашу, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар санын 200 мың адамнан асыру жоспарланған.

Айта кетейік, Шымкентте 107 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Онда 189,4 мың адам жұмыс істейді. Қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 38,9 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті партиялықтар 50 пайыздан асырмақ ниетті.
Сондықтан, «AMANAT» партиясының бастамасымен Шымкентте 1,2 мың шағын және орта бизнес өкілін қолдауға жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, өз ісін бастаймын деген 9,5 мың азаматқа жыл сайын грант және 2,5 пайызбен микрокредиттер ашық және әділ бөлінуі қадағаланады. Жастар және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 2,1 мың кәсіпкерге қолдау білдіру басшылыққа алынады.