Прокуратура өкілдері мен аудан әкімдіктері бірлесіп, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық іс-шара ерекше форматта өтті. Яғни, тиісті мекеме өкілдері тұрғындармен аулада кездесті. Мұндағы мақсаты — азаматтарды интернет алаяқтықтан қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Іс-шара аясында заң мен тәртіпті сақтау, сондай-ақ арам пиғылды азаматтартың арбауына түспеу бағытында тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде отырып, күдіктілердің құрбанына айналмау жолдары кеңінен түсіндірілді. Алдын-алу іс шараларына Тұран ауданының прокурорлары мен аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.
ДӘУРЕН БАЛҒАНОВ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ М.У.А: «Жалпы іс-шара бойынша заң мен тәртіп одан кейін айқын нәтижелерге қол жеткізу бойынша, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Интернет алаяқтықтарға жол бермеу бойынша түсіндірілді. Адамдардар алданып қалмасын деген ниетте. Жалпы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді».
Тиісті сала мамандарымен кездесуді пайдасына асырған тұрғындар, аудан әкімдігінің қызметкерлеріне өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, коммуналдық мәселелер бойынша да өтініштерін жеткізді. Бұдан-бөлек, құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысына баға берді.
«Мен 73-үйдің төрайымымын. Учаскелік полицейлерге алғысымды білдіремін. Рахметіміз шексіз».
Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеріп қана қоймай, интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтануға көмектеседі. Жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау өкілдері алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстарын жалғастырмақ.
Нұргүл Жолымбетова






