Түркістан: 10 ауданда шегірткеге қарсы күрес жүріп жатыр

51

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес қызу жүріп жатыр. Бұл туралы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлім етті. Сөзінше, қазір күніне 3500-4000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 26 жерүсті бүріккіш техникасы мен 1 АН-2 жеңіл ұшағы жұмылдырылған.

Жалпы өңірдегі марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90 000 гектар. Оның 48000 гектарында экономикалық зиянды шегінен асқаны анықталды.

Айта кетейік, фитосанитариялық іс-шаралар өңірдегі 10 ауданның 53 ауыл округінде жүргізіліп жатыр.