Ұлттық құндылық – Ұлт қазынасы

44

 Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен № 24 «Алма» бөбекжай бала-бақшасында «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шарада бүлдіршіндерге кілем тоқу, кесте тігу, асық ойнау, ер-тоқымға отырғызу, т.б. салт-дәстүрлер таныстырылып, шеберлік сабағы өткізілді.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, бала кезінен отансүйгіштікке баулу – аса маңызды мәселелердің қатарына жатады.

Бүгінгі бала – ертеңгі азамат.