Бақшасына 500 түп көкнәр еккен…

44
фото Ернұр.кз

 «Қарасора» ЖПІШ барысында Қаратау АПБ-ның қызметкерлері учаскелік аумақта рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде жергілікті тұрғынның ауласына құрамында есірткі заттары бар өсімдік еккенін анықтады.

 Жұмыссыз ер адам есік алдындағы бақшасында басқа көкөністермен бірге тыйым салынған өсімдікті өсірген. Тексеру жұмыстары барысында жедел уәкілдер барлығы 500-ге жуық апиын көкнәр түптерін тәркіледі.
 Аталған жайт, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркелді.
Сот ер адамды кепілмен босатты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді егу және өсіру үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.