Түркістан облысында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін 50 жастағы ер адам сот үкімімен жауапкершілікке тартылды. Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның есірткілік қасиеті бар өсімдіктерді өсірумен айналысып жүргені туралы жедел ақпарат түскен.
Осы дерек бойынша полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Нәтижесінде оның үй ауласынан құрамында есірткі заты бар «көкнәр» өсімдігінің 340-тан астам түбі табылып, тәркіленді.
Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабы (Есірткі затын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді дайындауға пайдаланылатын өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.







