Кәсіпкерге жерді жалға беру шартын ұзартуды 7 айға кешіктірген

47

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер негізсіз 7 ай бойы жер учаскесін жалға беруді ұзартудан бас тартқан мемлекеттік органға шағымданды.

Департамент мүдделі тараптармен кездесу өткізіп, ұсынымдар енгізілді. Қорытындысы бойынша әкімдік жалдау мерзімін 10 жылға ұзартты» – деді Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев брифингте.

Мұндай кедергілердің негізі – жер құқығын алу кезіндегі бизнес-процестер (сатып алу, жалдау, мақсатты өзгерту) келісудің артық кезеңімен шамадан тыс жүктелгендігі болды.

Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімдерін дайындау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі 8 лауазымды тұлғамен қағаз жүзінде келісілген.

Бейінді басқармамен және заң бөлімімен қатар, әкім аппаратының бірқатар лауазымды тұлғалары негізсіз енгізілген.

Өткен жылдың өзінде тиісті емес тұлғалар 3 мыңға жуық мемлекеттік қызметті келісіп, 2 мыңнан астам жағдайдан бас тартты.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша бұл процестер толығымен қайта қаралып, формальды келісу практикасы тоқтатылды.