Полицейлер доп қуып жүр….

19

 23-маусым «Полиция күні» қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен тәртіп сақшылары арасында футболдан жарыс өтті. Оған департаменттің аппаратынан, Патрульдік полиция полкінен және Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау, Тұран АПБ-ның қызметкерлерінен құрылған 7 команда қатысты.

 Аталған шара мегаполисте орналасқан «Марс» спорт-кешенінде өтті. Ойынға қатысушылар бар өнерлерін ортаға салып, жүлделі орындарға таласты.
Жарыс нәтижесінде өзгелерден оқ бойы озып шыққан Әль-Фараби аудандық полиция басқармасының құрамасы 1-орынды иеленді. Спортта шымыр екендіктерін дәлелдеген патурльдік полицейлер жүлделі 2-орынға жайғасты.
Ал, Полиция департаментінің аппарат қызметкерлері үздіктердің көшін тәмамдап, 3 -орынға ие болды.
Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларына «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылдаушы» номинациялары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, биыл 23-маусым Қазақстан полициясы күніне 31-жыл толды.