Úı ANONS Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде мемлекеттік ту төмен түсірілді

Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде мемлекеттік ту төмен түсірілді

фото Нұр.кз

Аза тұту күніне орай, Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері де мемлекеттік туларын төмен түсірді. Еліміздің Мәскеудегі елшілігіндегі бұл рәсім жергілікті уақытпен 21:00-де орындалды.

Онда виртуалды көңіл айту кітабы ашылған. Ресейдегі Санкт-Петербург, Астрахань, Омбы және Қазан қалаларында орналасқан Бас консулдықтарда да қандастарымыз, көрші елде уақытша тұрып жатқан азаматтар аза тұтуда.