Шымкент пен Генуя – бауырлас қала атанды

41

Шымкент Генуямен бауырлас қала атанды. Шаһар қонақтары үшінші мегаполистің экономикалық жай-күйімен және инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Италиялық делегация қаламыздағы жаңа нысандардың ашылу салтанатына қатысып, қазақ елінің қонақжайлығына куә болды


Шымкентпен бауырлас қалалар тізімі тағы 1 шаһармен толықты. Үшінші мегаполис енді Генуя қаласымен жақын қарым-қатынас орнатпақ. Ал Генуя мэрінің өкілі Дэвид Фалтери екі жақты достықтың нығая түсетініне сенімді.

Дэвид Фалтери, Генуя қаласы мэрінің өкіл: «Бізге Шымкент қаласы ұнайды. Біз Шымкент өңірмен танысып, жақты қарым-қатынас орнатуға келдік. Біз бірге жетістікке жететінімізге сенімдіміз»

Қала қонақтары үшінші мегаполистің мүмкіндіктерімен ғана танысып қоймай, жаңадан ашылған нысандарын да аралап көрді. Ол шаһардың тыныс-тіршілігін бақылап, қонақжай дастарханынан дәм татты.

Дэвид Фалтери, Генуя қаласы мэрінің өкіл: «Иә, самса сияқты тағамдарын жеп көрдік. Бәрі өте дәмді екен. Шымкентке келгенімізге өте қуаныштымыз. Біз бірге жұмыс істеу арқылы экономикамызды нығайта түсетініміз анық»

Ал қала басшысы екі шаһар мәдени-рухани тұрғыда жарасым табатынына сенімді. Тіпті алдағы уақытқа жоспар құрып, қос қаланы бірлесе дамытуды көздеп отыр.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Алдымызда ауқымды жұмыстар көп, біз оны келісіп бекіттік. Алдымызда үлкен белестер күтіп тұр. Оның бастапқысы қалаға жайлы орта қалыптастыру. Қаламыздың өсіп өркендеуіне біз атсалысуымыз керек»

Айта кетейік, Генуя қаласы Италияда орналасқан. Жергілікті билік өкілдері елшілермен келісіп, алдағы уақытта еуропаның әсем қаласымен танысып келуді жоспарлап отыр.