Шымкенттік делегация Сиань қаласына іс сапармен барды

27

Шымкенттік делегация Қытайдың Сиань қаласына іс сапармен барды. Кездесу барысында екі қала арасында түрлі сала бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Негізгі бағыттардың бірі – инвестиция. Бауырлас қала инвесторлары үшінші мегаполиске қомақты қаражат салып, ел экономикасын дамытуға өзі үлесін қосады деп күтілуде.

Мемлекет басшысының Қытай Халық республикасына жасаған іс сапарында Шымкент пен Сиань бауырлас қала атанған еді. Қазір екі қала арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал кәсіпкер Дилшот Рахымжанов екі жақты кездесулер үшінші мегаполистің әлеуетін арттыратынына сенімді. Ол өзінің бірегей электр станциясына инвесторлар іздеп жүр. Бизнесмен енді жаңа орта жаңа мүмкіндіктер беретінінен үмітті екенін айтады.

Дилшот Рахымжанов, кәсіпкер: «Жақын арада Қазақстан мен Орталық Азияда теңдесі жоқ күн батареялары орнатылады. Тиімділігі шамамен 40 пайыз. Күн сәулесінен қуат алатын панельдер метеорологиялық сенсор арқылы жұмыс істейді»

Сиань Шымкентпен бауырлас атанған оныншы қала. Ол Қытайдың портты логистикасы жақсы дамыған бірегей шаһары. Онда Қазақстан мен Қытай арасын жалғайтын ірі логистикалық орталық орналасқан. Бұл енді екі қала арасындағы алдын көпірге айналмақ.

Шымкенттік мамандар іс сапары барысында 10 келіссөзге қол қойды. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы, бұл бастама керемет мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімді.

Абунасыр Жанбатыров, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы: «Ірі кәсіпкерлер Қытай еліндегі бірлесіп кәсіпорын ашу, одан кейін Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша және 2 университет өзара меморандумдарға тұрды»

Алда құрғақ порт арқылы электроника, автомобильдерді, тоқыма бұйымдарын, киім-кешек пен аяқ киімді тасымалдау жоспарланған.