1-ші шілдеден бастап «Больничный» мөлшері өседі

61
фото Ернұр.кз

Ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап «Больничный» мөлшері өседі. Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15 АЕК-тен (51 750 теңгеден) 25 АЕК-ке (2023 жылы – 86 250 теңгеге) дейін ұлғаяды.

«Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс», — делінген Әлеуметтік Кодекстің  жаңа  талаптарында.