Úı Jańalyqtar Бастауыш сынып оқушыларын қандай өзгеріс күтіп тұр?

Бастауыш сынып оқушыларын қандай өзгеріс күтіп тұр?

Шымкент. Бірінші сынып
Шымкент. Бірінші сынып

 Бастауыш сынып оқушыларын алдағы  жаңа оқу жылында қандай өзгерістер күтіп тұр. 2023-2024 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша, 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады», — делінген хабарламада.
Ал орыс тілінде оқытатын сыныптарда 1-сынып оқушылары «Қазақ тілі» және «Букварь» пәндерін оқиды.
«Шет тілі» пәні 1-2-сыныптарда емес, 3-ші сыныптан бастап оқытылады.
«Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды», — деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.