Úı Jańalyqtar Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады

Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады

Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Осы жылы бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр.

Айта кетері, биыл республика бойынша негізгі ҰБТ-ның орташа балы 73 балды құрады.Тестілеу қорытындысы бойынша 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 83 пайызы.

Талапкерлердің 75%-і қазақ тілінде, 24%-і орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тест тапсырған.