Баға тұрақтылығы – басты назарда

41
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр. Ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін аудан әкімдігі бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда.
Мәселен, Қазығұрт ауданында негізгі азық-түлік, азық-түлік емес және ақылы қызмет көрсету бағаларын тұрақтандыру, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында әкімдікте тұрақты жұмыс жасайтын штаб құрылған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына тұрақты түрде мониторингтік жұмыстар жүргізіліп отырады.  Осыған орай, 2023 жылдың 19 қыркүйек күні Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы орталық базар мен сауда нүктелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Бағаның өсуін тежеу мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің жәрмеңкесін ұйымдастыру, сауда орындарымен тұрақты негізде меморандумға тұру, «әлеуметтік бұрыштар» жұмысын қадағалау, бағаны негізсіз өсіру фактілерін жою мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, тауарларға сауда үстемесін 15%-ға дейін арттыруға жол бермеу жөнінде аталған топтар кешенді шараларды атқаруда.

Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе екендігі белгілі.
Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстарының барысында кәсіпкерлер баға тұрақтылығын сақтайтындықтарын айтуда. Мұндай жұмыстардың нәтижесі де болады дейді кәсіпкерлер.