Ағымдағы жылдың қаңтар- шілдесінде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.
Импорт үлесіне ұнның 1,4%-і тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1%-ке артқан. Осы кезеңде былтыр экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық. Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды.Еске сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрайды.