Сот процесі барысында ұрыс шығарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

36
фото Егемен.кз

Төлеби аудандық сотына құқықбұзушы ретінде А.К.-ні Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен сот отырысында 12 қыркүйек 2023 жылы сотқа қарау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жеткізілген.

Сол күні сағат 16:00 шамасында сот ғимаратының фронт-офисіне Т.П. сол процесске жәбірленуші ретінде қатысу үшін келген уақытта, құқықбұзушы А.К. бірнеше рет балағаттық сөздер айтып, ұрысып қалған.
Аталған жәйітті сот приставы реттеу мақсатында сотқа қатысушыларға тыныштық сақтауға, бір-бірін құрметтеу жөнінде ескертпелер жасаған, алайда А.К. ол ескертпелерді елемей, дауын жалғастырып, қасақана сотқа құрметемеушілік білдірген.
Осы жоғарыдағылардың негізгінде көрсетілген құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабының 1-бөлігіне сәйкес соттың аға сот приставымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, құқық бұзушы А.К-ға ескерту жасалды.