Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

29

Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе болып отыр. Халық жиі тұтынатын азық-түліктерді нарықтық бағадан асырмай, белгіленген бағада сату күн тәртібінде тұр. Осыған орай қазіргі таңда барлық өңірлерде мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың 2 қыркүйек күні Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.

Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі аталған бағыттағы шарадарды ұдайы ұйымдастырып тұрады. Базарда сауда жасайтын кәсіпкерлер түсіндірме жұмыстарына түсіністікпен қарайтындарын жеткізді.