«Жүкті әйелмен ажырасуға бола ма?» Бұл редакция заңгері Венера Нұрғалиқызына оқырманнан келіп түскен сауалдардың бірі.
Оқырманның мәліметінше, келінінің мінезі шатақ және үйде орынсыз ұрыс шығаратын көрінеді. Ұлы ажырасамын деп соңғы шешімін қабылдапты. Алайда келіннің аяғы ауыр және ажырасуға келісімін бермей отыр екен.
Заңгердің айтуынша, ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 16-бабының 2-тармағына сәйкес, некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды. Себебі әйел адамы балаға қарап, 1 жастан асқаннан кейін балабақшаға барған соң ғана жұмыс жасай алады. Сол себепті бұл уақыт аралығында әйелдің келісімінсіз сот ерлі-зайыптыларды заңды түрде ажырастырмайды.