Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлерге төленбеген берешегі бар «Тойота Камри» автокөлігін ұстау туралы дабыл түсті.
Нақтырақ айтсақ, Жедел басқару орталығына сот орындаушысының 6 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының автокөлігін табу туралы өтініші келген. Кезекші полицей бейнебақылау камераларының көмегімен аталмыш автокөлікті анықтап, патрульдік полиция экипаждарын борышкер-жүргізушіні іздеуге бағыттады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында іздеуде жүрген автокөлікті тоқтатып, борышкердің көлігін айыптұраққа қойды. Өз кезегінде полицейлер жүргізушілерге бұрын салынған әкімшілік айыппұлдарын уақытысында төлеуге кеңес береді.