Air Astana қысқы маусымға көшті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Қысқы кезеңде әуетасымалдаушы Алматы-Мальдивбағыты бойынша аптасына бес тұрақты рейсті, ал Алматы-Шри-Ланка бағыты бойынша аптасына төрт чартерлік рейсті орындайды.Алматыдан Бангкокқа рейстер аптасына үштен жетіге дейін, ал Алматыдан Пхукетке рейстер аптасына төрттен он бірге дейін артады.
Алматыдан Дубайға рейстер аптасына жетіден он екіге дейін, ал Астанадан аптасына алтыдан онға дейін артады.Алматы-Дели бағытында рейстер саны аптасына он бірге дейін, ал Алматы-Жидда бағытында — аптасына үшке дейін артады.
Айта кетейік, биылғы күзден алдағы ақпанға дейін қазақстандықтарға Таиландқа бару үшін виза қажет емес. 10 қарашадан бастап Қытайға да визасыз баруға болады. Ішкі рейстердің қысқы кестесінде Астана-Қостанай бағытында өзгерістер енгізілді. Енді бұл бағытта Air Astana-ның FlyArystan бөлімшесінің ұшағы қатынайды.