Ауылдарда Starlink орнату үшін Қазақстан қанша төлейді?

35
фйото Ел.кз

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан ауылдарында Starlink жаһандық спутник жүйесін орнату елге қанша шығын әкелетінін айтты.

«Мектептердің секундына 4 мегабит интернетке жұмсайтын қазіргі күнгі шығындары Starlink-ке қызмет көрсетуге және Starlink қызметтерін мектеп оқушыларына жеткізуге жұмсайтын ақша сомасына тең», – деді министр Digital Bridge форумының алдын ала қорытындылары айтылған брифингте.
Мусиннің айтуынша, мемлекет корпоративтік келісімшарт жасасады. Қазір құжаттың жекелеген тармақтары талқыланып жатыр, екі аптадан кейін жұртшылық барлық шарттар туралы білетін болады.
«Бұл мемлекеттің қаржысы, сондықтан біз сізге осы қызметтердің құны туралы барлық ақпаратты жеткіземіз. Бүгінгі келіссөздер бір нүкте үшін ай сайынғы төлемнің құны шамамен 200 доллар болу туралы жүріп жатыр», – деп нақтылады Мусин.
Бұл тек қызметтің құны, оған құрылғылар кірмейді.
«Біздің әкімдіктер мен білім басқармалары бүгінгі таңда спутниктік интернетті жеткізуге шамамен 1,5-3 миллион теңге жұмсайды», – деп атап өтті министр.
Алматы облысының мектептерінде пилоттық жоба ретінде қосылады.