Іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау: Қандай заң мақұлданды?

17
Шымкентте жұмыссыз азаматтың өзіне қол жұмсауы бойынша іс қозғалды

Сенат «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Келісімшартта іздеуде жүрген адамдарды екі мемлекет арасында экстрадициялау мәселелері, атап айтқанда, оларды ұстап беру, ұстап беруді кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру шарттары мен рәсімі айқындалған. Ұстап беруден бас тарту негіздері де бар.
Олар:

іздеуде жүрген адамның сұрау салынатын мемлекеттің аумағында қылмыс жасауы;

ұстап беру шарасының іздестіріліп жатқан адамның жасына, денсаулығына немесе өзге де жеке басының мән-жайларына орай ізгілік түсініктерімен үйлеспеуі;

жасалған қылмыстың сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан тыс жерде, бірақ оның мүдделеріне қарсы бағытталуы.

Құжатқа сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруге жол берілмейді.
Сенат отырысынан кейін журналистер бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Кипрде іздеуде жүрген қазақстандықтардың бар-жоғын сұрады. Оның айтуынша, бүгінде ондай адамдар жоқ.