Полицейлер миллион теңгеден астам айыппұл төлемеген такси жүргізушісін анықтады

66

Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен айыппұл төлемеген «Nissan Maxima» автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Яғни Жедел басқару орталығынан «Қорғау» бағдарламасы арқылы борышкердің автокөлігі бойынша хабарлама полиция планшетіне түсті. Осыдан соң полицейлер көлікті «Самара — Шымкент» тас жолында тоқтатты.

Тексеру кезінде жүргізуші жеке тасымалдаумен (такси) айналысатыны анықталды, ал айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты арттырумен байланысты. Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, «Nissan Maxima» автокөлігінің иесі 1 280 000 теңгеден астам сомаға айыппұл төлемеген. Заң талаптарына сәйкес полиция көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушіге айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірді.