17-18 қазан күндері Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
«Тоқаев Бейжіңде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.