Қала әкімі №10 колледжінде жүргізіліп жатқан құрылыс сапасын сынға алды

23

Қала әкімі Сайрам тұрғын алабындағы №10 колледжінде жүргізіліп жатқан құрылыс сапасын сынға алды. Нысанның жұмысын бақылау барысында Ғабит Сыздықбеков бірқатар кемшіліктерді анықтап, сала жауаптыларына жұмысты жүйелеуді, тиянақты әрі әділ істеуді тапсырды. Өз кезегінде жауапты мердігер қателіктерді тез арада реттеуге уәде берді.

Айта кетейік, білім ұясында  300 орындық оқу корпусының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 200 орындық асхана мен АКТ және спорт залы қарастырылған. Білім ордасы желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс