Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы барысында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен ДДСҰ Еуропалық бюросының арасында 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 млн доллар бөледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.
«Бұл қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен ақпараттық жұмыс және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталатын болады», — деді Ғиният ДДСҰ Еуропалық бюросының форум алаңында өткен брифинг барысында хабарлады.