Шымкентте 25 қазан республика күніне арналған мерекелік гала – концерт өтті

26

Шымкентте 25 қазан республика күніне арналған мерекелік гала – концерт өтті. Айтулы датаға орай ұйымдастырылған ән кешін тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды.

Сахна төрінде әуелі жергілікті өнерпаздардың туындыларымен басталып эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.

Мерекелік күнде үшінші мегаполис жұртшылығына Еркін Нұржанов,Ақбота Керімбекова, Наркенже Серікбаева, Серік Гамзазадэ,«Фараб» би тобы,«Қазына» би ансамблі, Ғаділбек Жанай, Қайрат Түнтеков, Жанболат пен Жазира, Қуандық Рахым, Әбдіжаппар Әлқожа сынды өнер жұлдыздары танымал әндерін тарту етті.