«Вундеркинд». Көлік маркаларын жатқа білетін 2 жасар бала көпті таң қалдырды

1198

Көлік маркаларын жатқа білетін 2 жасар бүлдіршін жұртты таң қалдырды. Оның видеосы ТікТок желісінде пайда болды.

Бейнежазбада ер адам балақайға көлік маркаларының суреттерін көрсетіп, «Мынау қандай көлік?» деп сұрайды. Бүлдіршін болса, 50-ге жуық темір тұлпардың атын мүдірместен айтып береді.

2 жасар бала соңғы үлгідегі темір тұлпарлармен қатар сонау Кеңес үкіметі кезінде пайда болған көліктерге дейін жатқа біледі.

«Бұл BMW, ал мынау – «Ауди», «Мерседес», «Тойота, «Мазда», «Хонда», «Опель», «Тесла», «Лексус», «Киа», «Бентли», «Ягуар», «Волга», «Уаз», «Урал», «Rolls-Royce»,-дейді бүлдіршін.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары балақайдың есте сақтау қабілеті өте жоғары екенін алға тартып, өскен кезде көзді жұмып қойып, көлікті жөндей беретін шебер болатынына сенім артты.

«Вундеркинд», «Мәссаған, есте сақтау қабілеті неткен күшті», «Мына бала көлік маркаларын менен жақсы біледі ғой», «3 жасында бұл бала көліктің қозғалтқышын жинай беретін сияқты. Ал 6 жасқа келгенде, көзді жұмып қойып көлікті жөндей береді-ау», «Әкесінің мақтанышы», «Ақылды бала өсіп келеді», «Осыны үйреткен әкесі жарайсыз», «Тіпті анық сөйлеуді білмесе де көліктің бәрін біліп отыр. Маған да осындай ұл болса», «Тамаша» деп жазды желідегілер.