Жанар, жағармай отыны бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді

14

2023 жылдың 22 қазан күні Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының аумағында «Аудан әкімінің бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штаб құру туралы қаулысы» құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге жанар-жағармай құю бекеттеріндегі Аи-92, Аи-93, Аи-95 маркалы бензин, дизельдік отын және автогаз мұнай өнімдеріне қатысты мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі таңда, жанар-жағармай құю бекеттеріндегі мұнай өнімдерінің бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе.
Яғни, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №140 «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес (Аи-80 маркалы бензин – 1 литрі үшін 89 теңге, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литрі үшін 205 теңге, дизельдік отын – 1 литрі үшін 295 теңге болып бекітілді), барлық жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері мен өкілдеріне мұнай өнімдерінің (Аи-92, Аи-93, Аи-95 маркалы бензин, дизельдік отын және автогаз) шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және негізсіз өсіру деректері орын алған жағдайда, заң аясында дәлелді құжаттармен ЖЖМҚБ-нің иелерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралатынын және айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.
Жанар, жағармай сатумен айналысатын кәсіпкерлер аталмыш шара жайлы хабардар екендіктерін айтты. Қалай болғанда да заңға бағынатындықтарын жеткізді.