Елімізде Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін диқандар мен шаруалар толағай жетістікпен қарсы алды.
Айталық, соңғы 10 айда елдегі ірі қара 9 млн, қой мен ешкі 23 млн, жылқы 4 млн, түйе 277 мың, ал құс саны 54 млн-ға жеткен. Өсімдік, мал шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау жоғары.
Биыл салаға Үкіметтен 7,2 млрд теңге бағытталып, субсидия көлемі 15,7 млрд теңгені құраған.