Дәрігерлер ине арқылы жүрек қабын тесіп, науқасты аман алып қалды

43

Шымкент қалалық №2 ауруханасына бірнеше күн бұрын жедел жәрдем бригадасымен 63-жастағы науқас келіп түскен. Түскен кездегі шағымдары жалпы әлсіздік, жөтел, ентігу, дем жетпей тұншығу болатын. Жағдайы өте ауыр болған.

Қабылдау бөлімінде лабораториялық зерттеулер жүргізілді, жүрек УДЗ (УЗИ) жасалды. Тексеру барысында науқаста перикардта нормадан тыс көлемде сұйықтық жиналғаны анықталды. Перикард дегеніміз жүректің сыртындағы қап, Ішіне ауру салдарынан көп мөлшерде сұйықтық жиналған, кез келген уақытта сұйықтық көбейіп жүректі қысып қалуы мүмкін еді. Науқасқа: » Идиопатический перикардит. Тампонада сердца» диагнозы қойылды. Тез арада жансақтау бөліміне жатқызылып, перикардиоцентез жасалынды. Яғни, ине арқылы жүрек қабы тесіліп сұйықтық сыртқа шығарылды. Бұл өте күрделі процедура.
Науқас жансақтау бөлімінде 3-күн жатып, кардиология бөлімшесіне ауыстырылған. Қазіргі таңда 63-жастағы ер азамат өзін жақсы сезінуде. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы жақсарумен алдагы күндері үйiне шығару жоспарлануда. Білікті мамандардың дер кезіндегі жасалған көмегі арқасында науқас өмірі аман қалды.