Қауын артушылар қамаққа алынды

68
фото Егемен.кз

Өзбекстан Республикасының азаматтары жергілікті атқарушы орган немесе ішкі істер органдары берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырған.

2023 жылдың 31 қазанында Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен он бес Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының он бес азаматтары 2023 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатта келіп, тиісті рұқсатты алмай, Отырар ауданы, Көксарай ауылы, Тәуелсіздік көшесі нөмерсіз үйде қауын артушы болып еңбек қызметін атқарған.
Сот отырысында Өзбекстан Республикасының он бес азаматы кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы аумағына жеке сапармен келіп, жүк артушы ретінде еңбек жасағанын, төлем қабілеттілігі жоқ екенін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының» 7-тармағының талабына сай Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жергілікті атқарушы орган немесе ішкі істер органдары берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейтіні көрсетілген.
Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушы алты азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары бойынша кінәлі деп танылып, олар 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.