Қазақстандықтар Қытайда 90 күнге дейін визасыз жүре алады

51
фото azattyq.org

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді. Енді қазақстандықтар Қытайда шекарадан өткен сәттен бастап 30 күнге дейін, алты ай ішінде барлығы 90 күнге дейін визасыз жүре алады.

Қазақстан мен Қытай азаматтары 10 қарашадан бастап жеке істер, туризм, емделу, халықаралық тасымалдау, іскерлік мақсаттар және транзит үшін визалық талаптардан босатылды.