Ташкентте «Жібек жолындағы туризм -2023» халықаралық жәрмеңкесі басталды

26
Ташкент – 1966 жыл

«Жібек жолындағы туризм -2023». Ташкентте осындай атаумен 28 ші халықаралық туризм жәрмеңкесі басталды. Түрлі мәдениетті топтастырып, саяхаттау бағыттарын айшықтайтын Орта Азиядағы ең ірі жоба жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Жәрмеңкеге Қазақстаннан да өкілдер қатысып жатыр. Корея, Сингапур, Грузия, Малайзия, Қырғыз елі, Ресей мен Беларусьтың да компаниялары келген. Кәсіпкерлер мен саланы дамытуға атсалысып жүрген азаматтар өз елінің туристік потенциялын паш етуге мүмкіндік алады.

Келушілер қатарында тарихы терең, мәдени мұраға бай өлке Түркістан облысындағы туризмді түлетіп жүрген азаматтар да бар. Аймақта тек өткен жылдың өзінде жалпы құны 9 млрд теңгеден асатын 10 жоба жүзеге асқан. Осы жылдың алғашқы алты айында киелі Түркістанға 115 мыңнан астам турист келген

Жәрмеңке үш күнге жалғасады. Оның аясында түрлі форумдар ұйымдастырылып, туризм индустриясындағы жаңашылдықтар талқыланады.