Төлқұжат алғанда дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттеледі

23

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар үшін жеке басын куәландыратын құжаттар беру процесінде саусақ іздерін міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі.

Саусақ ізін тіркеу процесі шамамен 5-10 минутты алады. Азаматтардың жеке басын куәландыратын жаңа құжаттарды (паспорт, жеке куәлік) алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге болады.
Бұл шара заңсыз құжаттандыру, құжаттарды қолдан жасау, олардың иелерін алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғау фактілерін болдырмауға ықпал етіп, құжаттарды қалпына келтіру рәсімін жеңілдетеді.
Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе полиция бөлімшелерінің көші-қон қызметі бөлімдерінен құжаттарды алған кезде, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар тіркеуден ерікті түрде өтеді. Ал 16 жасқа толған азаматтар міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтетінін хабарлаймыз.
Бұдан басқа, міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтпеу әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Мұндай заңсыздықтың соңы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 443-1-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.